Құқық

Тұрғындар елордалық полицейге ризашылық білдірді

«Instagram» әлеуметтік желісі арқылы Астана қаласы Полиция департаментінің Байқоңыр ауданы ПБ жедел уәкілі, полиция капитаны Ислам Арышевтің атына қала тұрғынынан алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Өз хатында тұрғын полиция қызметкерінің кәсібилігіне, қырағылығы мен жедел әрекетіне ерекше ризашылығын білдірген. Оның айтуынша, полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында зергерлік бұйым ұрлығына күдікті азаматша қысқа уақыт ішінде анықталып, қолға түскен. Алайда күдіктінің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция капитаны Ислам мен әріптестері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Алғыс хат иесі өз сөзінде тәртіп сақшыларының халық тыныштығы жолындағы еңбегі зор екенін атап өтіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адал қызметтері үшін шынайы ризашылығын жеткізген. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне мықты денсаулық, қызметтеріне табыс пен абырой тіледі.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықпен өзара сенімді нығайту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button