Мәдениет

Сарыарқа ауданының құрылғанына 28 жыл толуына орай мерекелік концерт пен көрме өтті

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында және Сарыарқа ауданының құрылғанына 28 жыл толуына орай №1 өнер мектебінің қатысуымен мерекелік концерт пен көрме өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ауданның мерейтойына арналған іс-шарада өнер мектебінің дарынды шәкірттері сахна төрінде ән мен биден шашу шашып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, жас суретшілер өздерінің таңдаулы туындыларынан арнайы көрме ұйымдастырып, ауданның көркем келбетін өз көзқарастарымен бейнеледі.

«Таза Қазақстан – бұл тек табиғатты аялау немесе экологиялық акция емес. Ең алдымен, сананың тазалығы, білімділік пен өнердің биігі. Біз келешек ұрпақты тек тазалыққа ғана емес, жасампаздыққа, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиелеуіміз қажет. Бүгінгі шара жастардың бойындағы осы құндылықтардың көрінісі», – деп атап өтті Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Аяулым Адешова.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button