Әлеумет

Жастар Отан қорғаушылар күніне орай ерекше акция өткізді

Отан қорғаушылар күні қарсаңында елордалық жастар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арнап ерекше құттықтау ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мерекелік акция елорда әкімдігі мен «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының бірлесуімен қалалық полиция департаментінде өтті.

Іс-шара идеясының негізінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне тән игі дәстүр жатыр. Әдетте бұл күні полиция қызметкерлері әйелдерді құттықтайды. Бұл жолы жастар керісінше қадам жасап, күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген жандарға жылы лебіз білдіруді жөн көрген.

Акцияға ерекше әсер берген басты кейіпкер – болашақта полицей болуды армандайтын кішкентай бала. Ол қызметкерлерге мемлекеттік ту бейнеленген «Қазақстан» шоколады мен ізгі тілектер жазылған ашық хаттар табыстады.

Бұл шара құқық қорғау органдары өкілдеріне деген құрмет пен қолдаудың жарқын көрінісіне айналып, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы мен жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын көрсетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button