Мәдениет

Қазақстандық би ансамблі халықаралық байқауда жүлделі орын алды

ҚР еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 26–29 сәуір күндері Өзбекстан Республикасы Хива қаласында өткен III Халықаралық «Лазги» би фестиваліне Қазақстан елінің атынан қатысты. Фестиваль аясында ансамбль «Қыз қуу» және «Домбыра дастан» қазақ билерін, сондай-ақ «Хорезм термәлері» өзбек биін жоғары деңгейде орындап, жүлделі 2 — орынға ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ауқымды мәдени шара әлемнің 15 мемлекетінен келген өнер ұжымдарын бір сахнада тоғыстырды. Қатысушылар қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Түркия, Индонезия, Пәкістан, Малайзия, Өзбекстан, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдері бар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button