Қоғамдық кеңес мүшелері сенбілікке қатысты

Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Сенбілікке Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Елорданың еңсесі тіктеліп, жыл санап жасылдануын шараға қатысушылар сенбіліктің нәтижесі деп түсіндірді. Бүгінгі сенбілік Күйшілер аллеясында жалғасты. Бұл жерде елуге тарта ағаш отырғызылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

— Қаланы абаттандыру жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрады. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысып, арнайы елу түп ағаш отырғызды. Мұның барлығы қаланың экологиялық жағдайына жақсы әсер етеді. Сонымен қатар, биыл Қоғамдық кеңестің құрылғанына 10 жыл толып отыр.

Қоғамдық кеңестің мүшелері ақылдаса отырып, осы Күйшілер аллеясын таңдап алдық. Былтырғы жылы да Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қатысуымен осы араға бес мыңдай ағаш егілген. Бүгінгі таңда жайқалып тұр.

Міне, сол үрдісті тағы да жаңғыртып жатырмыз, -деді Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Ғайыпов.




