Құқық
Қала прокурорлары «Астана Тазалық» мекемесінде кездесу өткізді
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Астана Тазалық» ЖШС-нің 50-ден астам қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында қолданыстағы заңнама мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында қызметкерлерге азаматтық, сақтандыру, әлеуметтік және еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді. Дәріс интерактивті форматта өтті: ұжым өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.



