Мәдениет

Оқу ордасындағы өнер салтанаты

Қазақ ұлттық өнер университетіне қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық әртісі Күләш Байсейітова есімінің берілуіне орай оқу орнында бірнеше күн бойы жалғасқан бірқатар салтанатты іс-шаралар өтті.

Бұл іс-шаралар «Университет күндері» атауын иеленіп, алғашқы күні Күләш Байсейітованың портретін салудан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Атақты опера әншісінің мемориалдық аймағының тұсаукесері өтіп, оған байқауда топ жарған картина ілінді. «Кино және ТВ суретшісі» мамандығы студенттерінің көрмесі қойылды.

«Қыз бен жігіт айтысы» кеші ұйым­дастырылып, сөз сайысына университеттің барлық мамандықтарының студенттері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Жас айтыскерлер тап­қырлығы мен суырыпсалмалық қабілеттерін көрсетті. Айтыс барысында ұлттық құндылықтар мен заманауи тақырыптар көркем тілмен өріліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Кеше университеттің амфитеатр сахнасында «Шапағатыңды шаш, әз Наурыз» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара Наурыз мейрамының рухын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Ал оқу орынның Үлкен концерт залында «Сайра, бұлбұл» атты гала-концерт ұйымдастырылды. Концерт бағдарламасы қазақ музыка өнерінің үздік үлгілерін қамтыды. Сонымен қатар, университет студенттері арасында «Гәкку» атты академиялық вокалдық байқау өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button