Құқық

Мектепте қауіпсіздік сабағын өткізді

Астанадағы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында қауіпсіздік сабағы мен сынып сағаты өтті. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің салдарын түсіндіруге бағытталған іс-шараға қалалық құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды 

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және жауапкершілік деңгейін арттыру. Сынып сағаты «Мәдениет — біздің күнделікті өміріміз», «Қоғамдық мүлікті қорға» деген тақырыпта өтсе, қауіпсіздік сабағына «Онлайн-ойындардың қауіптілігі және интернетке тәуелділік» тақырыбы арқау болды.

Жиынға Астана қаласы ПД Байқоңыр ауданы ПБ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің,  Астана қаласы әкімдігінің  Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.

-Кибербуллинг – адамды интернет арқылы қорлау, мазақтау, қорқыту немесе әдейі ренжіту. Ол әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойындарда немесе чаттарда болуы мүмкін. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – онлайнда біреуді әдейі жәбірлеу. Оған мысал келтірсек, қорлайтын пікір жазу, жеке фото немесе видеосын тарату, қорқыту немесе бопсалау, фейк аккаунт ашып, адамды мазақ ету, топтан әдейі шығарып тастау, — дейді Астана қаласы ПД Байқоңыр ауданы ПБ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Әділет Сейдрахман.

Іс-шараға мектептің 10 «д» сынып оқушылары қатысты. Сабақ  барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Аталған бағыттағы жұмыстар оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button