Ел тынысы

Елордада еңбек қатынастарын реттеу мәселелері талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның (РҮК) жұмыс тобының отырысына қатысты. Отырыс барысында қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен осы жылдың соңына дейін жұмыс тобына төрағалық ету «PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясына ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастарды реттеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Аталған мәселе шеңберінде министр азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарға қойылатын жаңа заңнамалық талаптар туралы ақпарат берді. Бұл талаптар оларды еңбек қатынастарынан нақты ажыратуға және жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ әлеуметтік әріптестердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында РҮК туралы ережені жаңарту қажеттігі – талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі болды. Қатысушыларға аталған құжатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу ұсынылды. Атап айтқанда, комиссия жұмысына өзге де мемлекеттік органдарды тарту тетігін ережеде бекіту мүмкіндігі қарастырылуда, себебі күн тәртібіне шығарылатын кейбір мәселелер бір ғана ведомствоның құзыретімен шектелмей, кешенді түрде қарауды талап етеді.

Бұдан бөлек отырыста 28–30 сәуірге жоспарланған KIOSH-2026 еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық конференциясы мен көрмесіне дайындық барысы қаралды. Іс-шараға 8 елден делегациялар мен 90-ға жуық компанияның қатысуы күтілуде. Алдағы іс-шараның негізгі тақырыбы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы цифрлық трансформация және жасанды интеллект технологияларын қолдану болмақ. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ашық диалогқа және РҮК алаңында ұсынылған барлық бастамаларды бірлесіп пысықтауға дайын екендерін жеткізді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button