Білім

Жаңа Конституция нормалары мектеп оқушыларына түсіндірілуде

Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы «Білім -мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституциядағы басымдықтар» деп аталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның мақсаты- оқушыларға жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында білім алушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай форматтағы сынып сағаты ел аумағындағы барлық оқушыларды ортақ құқықтық тақырыптар төңірегінде біріктіруге мүмкіндік берді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button