Тұрғындар жобасын қабылдайды

Астана қаласының Сарыарқа ауданында «Халық қатысатын бюджет-2026» бағдарламасы бойынша ауданды абаттандыру үшін үздік жобаларға дауыс беру кезеңі басталды.
Ең көп дауыс жинаған жобалар 2027 жылдың құрылыс маусымында іске асады. Биыл 20 қаңтардан 1 наурызға дейін аудан тұрғындары 78 жобалық ұсыныс берді. Сараптама кеңесі 73 жобаны дауыс беруге жіберді. Урбанистер, сондай-ақ өткен жылдың жеңімпаздары мен тұрғындар кірген сарапшылар кеңесінің шешімімен дауыс беруге арналған жобалар 3 санатқа бөлінді. Олар: 40 пәтерге дейін, 100 пәтерге дейін және 100-ден көп пәтер. Дауыс беру 6 сәуір мен 24 сәуір аралығында Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының сайтында өтеді. Тұрғындар ресми сайтта ЭЦҚ арқылы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы дауыс бере алады.



