Әлеумет

Инватакси қызметіне 112 мыңнан астам тапсырыс берді

2026 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 112 мыңнан астам тапсырыс берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2026 жылдың басынан бері Астана және Алматы қалаларында аталған қызмет 112,6 мың рет көрсетілді, оның ішінде ақпан айында – 35,4 мың рет.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін 489,8 мың рет пайдаланған.

Бұған дейін инватакси қызметіне тапсырыс беру үшін сапардан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет болатын. Бұл айтарлықтай қолайсыздықтар туғызды: әр сапарды алдын ала жоспарлауға, көлікті ұзақ күтуге тура келді, сондай-ақ мамандандырылған көлік саны шектеулі болды.

Қызметті барынша ыңғайлы әрі жедел ету мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп такси агрегаторларын тарту жөніндегі пилоттық жобаны бастамашылық етті.

«Яндекс» компаниясы жобаны қолдап, оған комиссия алмай қатысуда. Бұл сапар құнының толық көлемін тікелей мүгедектігі бар жолаушыларға көрсетілетін қызмет ақысын төлеуге бағыттауға мүмкіндік берді.

Мүгедектігі бар азаматтар пилоттық жоба аясында жеңіл автокөліктерге тапсырысты Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Бұл қызмет алушы үшін көлікті жедел таңдауға, тапсырыс мәртебесін онлайн режимде қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіні сапар барысындағы қажеттіліктері туралы алдын ала хабардар ете алуы үшін арнайы мүмкіндіктер экраны қарастырылған. Өз кезегінде, жүргізушілер жолаушыны көлікке отырғызу және одан түсіру кезінде көмек көрсету тәртібі бойынша арнайы нұсқаулар алады.

Биыл Астана және Алматы қалаларында жобаны жүзеге асыру пилоттық режимде жалғасатынын еске саламыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button