Ел тынысы

16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні – Наурызнама онкүндігінің үшінші күні. Мерекеге орай республикалық мәдениет ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль өтуде. Ал Мәдениеттерді жақындастыру орталығында «Мәдениет пен дәстүр – ұлт болмысының негізі» атты тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. Астанада Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Мәдениет күні – мәдени мұра кеңістігі» атты мерекелік бағдарлама өтуде. Бұл жобалар халықтың мәдени кодын қалыптастыратын тарихқа, дәстүрлерге және ұлттық құндылықтарға арналды.

Бұл күні мерекелік іс-шаралар еліміздің өңірлерін де кеңінен қамтыды. Ақтөбе облысында ұлттық өнер мен дәстүрлерді дәріптейтін «Жыраулар жолымен» мәдени жобасы мен «Dastur-fest» фестивалі ұйымдастырылды. Ақмола облысында көрермендерге «Көктем-керуені» атты ұлттық-танымдық бағдарлама ұсынылды. Ал Қарағанды облысында «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты тарихи-этнографиялық кеш, digital форматтағы байқау және «Nauryz: Inspired by Traditions» фестивалі өтуде. Маңғыстау облысында халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button