
15 наурыз күні елімізде республикалық референдум өтуде. Осы маңызды саяси науқанда Астана қаласының параспортшылары да азаматтық белсенділік танытып, дауыс берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Атап айтқанда, пара каратэден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері Ләззат Жүсіпова; пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, Сурдлимпиада ойындарының қатысушысы Руслан Ахметов; тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, әлем чемпионатының жүлдегері Ләззат Отарбекова; сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан чемпионы, 2025 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Амина Файзулина; сурдо дзюдодан Сурдлимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Сабыржан Хапизов; Қазақстан Республикасының спорт шебері, бірнеше дүркін халықаралық жарыстардың жүлдегері, Спартакиада чемпионы Алтынай Ержанқызы; пара арбадағы теннис спортшысы Дінмұхамед Алиякпаров; пара оқ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Айгерім Төлегенова республикалық референдумда дауыс берді.

Сонымен қатар дзюдо жаттықтырушылары Дәурен Оразұлы пен Данияр Болат та бұл маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған “Елорда” спорт клубының» басшылығы, жаттықтырушылары мен қызметкерлері де референдумға қатысып, өз пікірлерін білдірді.



