Ел тынысыСаясат

Үйде дауыс беруге жағдай жасалды

Референдум барысында сайлау учаскесіне келуге мүмкіндігі жоқ кейбір жандар үшін арнайы көшпелі дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде. Солардың бірі елордадағы №1 сайлау учаскесінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-Дауыс беру учаскесіне нақты себептерімен келе алмайтын кейбір тұрғындар үшін олардың өзінің өтініші бойынша үйіне барып дауыс беруіне мүмкіндік жасалуда. Бүгін біз өзі өтініш берген қала тұрғыны Түсіпов деген тұрғынның үйіне барып, референдумға қатысуына жағдай жасадық, — дейді аталған сайлау учаскесінің өкілі Еркебұлан Мұратханұлы.

Егер бұл күні ауырып жатсаңыз немесе науқас туысыңызға күтім жасап отырсаңыз, үйден дауыс беруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ референдум учаскелері жоқ шалғай, қатынауы қиын елді мекен тұрғындары да үйден дауыс бере алады. Ол үшін учаскелік референдум комиссиясына өтініш беру қажет. Осыдан кейін комиссия мүшелері сіздің үйіңізге келіп, дауыс беру рәсімін ұйымдастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button