Астана қаласының тұрғыны Элиза Әлібекқызы бүгін дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
— Дауыс беру кезінде әр азамат Қазақстанның болашағын, қазіргі жағдайын ойлауы керек деп есептеймін. Конституцияға енгізілген өзгерістердің елге қандай пайда әкелетінін де ой елегінен өткізіп, өз дауысымды бердім, — деді ол.
Элиза Әлібекқызы дауыс беруге кішкентай қызымен бірге келіпті.
— Бала – елдің болашағы. Сондықтан бүгінгі маңызды сәтке қызымды да бірге ертіп келдім. Ол да қоғам өміріне бейжай қарамай, елге пайдалы азамат болып өссе екен деймін, — дейді ол.



