Референдум күні Алдаберген Шұғайыпұлы азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге келді. Биыл ол 68 жасқа толып, туған күнін маңызды саяси науқанға қатысумен бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
– Бүгін мен үшін ерекше күн. Туған күнімде дауыс беруге келіп отырмын. Заңды қарап, таныстық. Қазақстанымыз дами берсін, Жаңа Конституциямыз құтты болсын, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, – дейді Алдаберген Шұғайыпұлы.
Азаматтың айтуынша, ел болашағы үшін әрбір адам өз таңдауын жасап, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы маңызды.



