Ел тынысыСаясат

Ел болашағы үшін азаматтық таңдауын жасады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесіне байланысты өткізілген республикалық референдумда азаматтар белсенді түрде дауыс берді. №1 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасағандардың қатарында профессор Рақымжан Тұрысбек те келіп өз дауысын берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Профессордың айтуынша, жаңа Конституция жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе «Егемен Қазақстан» газетінің биылғы 12 ақпандағы санында жарияланып, жұртшылыққа кеңінен таныстырылды. Құжатта мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары, қоғамдағы басты құндылықтар және ел дамуының басым бағыттары айқын көрсетілген.

«Конституцияның он бір бөлім, тоқсан алты бабында қазақ халқының тарихы мен дәстүрі, мәдениеті мен тілі, сондай-ақ біртұтас Қазақстан халқының ұлы дала өркениетінің мәні кең көлемде көрініс тапқан. Негізгі бағыттардың қатарында Әділетті Қазақстан идеологиясы, Заң мен тәртіп қағидасы, бірлік пен береке, білім, ғылым және инновацияны дамыту мәселелері кең түрде қамтылған. Сонымен қатар мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені кеңінен атап көрсетілген. Дін- мемлекеттен бөлек екені де айқындалған. Маңыздысы ҚР мемлекеттік тіл- қазақ тілі екендігі анық жазылған», – деді Рақымжан Тұрысбек.

Оның сөзінше, референдумға келудегі басты мақсаты – ел дамуына бағытталған мемлекеттік ұстанымдарды қолдап, халықтың жарқын болашағы үшін өз дауысын беру.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button