Заң мен тәртіп – балалар көзімен
Елордадағы №65 «Бал бала» балабақшасында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында «Ережелер еліне саяхат» атты ауқымды бейнероликтер челленджі өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл бастама бүлдіршіндерді жауапкершілікке үйретіп, жол қозғалысы ережелерін қызықты форматта меңгеруге бағытталды. Мазмұнды іс-шарада балалар 3 бағыт бойынша шеберліктерін көрсетті. Алғашқысы «Жолда жүру – ортақ тәртіп» бағыты бағдаршам мен жол белгілерінің маңызына арналды. Одан кейін «Мәдениетті бала» бағытына сәйкес, балалар қоғамдық орындағы мәдениет пен дүкендегі тәртіп бойынша білімдерін ортаға салды.

– Біздің мақсатымыз – заң мен тәртіпті құрметтейтін, қауіпсіздік ережелерін жетік білетін саналы әрі адал азамат тәрбиелеу, – деді өз сөзінде елордалық «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Айнұр Амирханова.

Ал Астана қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкі қызмет инспекторы, полиция капитаны Ағланбек Қабдолов құқықтық сауаттылық пен тәртіп балабақша қабырғасынан басталуы тиіс екенін айтты. Мұндай іс-шаралар балалардың жол жүру ережелерін жаттап қана қоймай, заң мен тәртіпті құрметтеуін қамтамасыз етеді.



