Қала мен сала

Астанадан өткен түнде ондаған мың текше метр қар шығарылды

Астанада коммуналдық қызмет мамандары қыс мезгілі басталғалы бері тоқтаусыз, күндіз-түні жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өткен түнде елордадан қар полигондарына 2 574 ауыр жүк көлігінің рейсімен 42 492 текше метр қар шығарылды.

12 наурыз күні таңертең қаланы қар мен көктайғақтан тазартуға шамамен 1 753 арнайы техника және 2 960 жол жұмысшысы тартылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалық жүргізіледі.

Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына 478 707 рейспен 7 млн 224 мың 500 текше метр қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Бұл жұмыстар да тәулік бойы атқарылып жатыр.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button