Демалыс күндері елордада «Nauryz Sale» ірі азық-түлік жәрмеңкелері өтеді
Астана қаласында 14 және 15 наурыз күндері «Nauryz Sale» ірі азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жәрмеңкелерде Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, сүт, шұжық өнімдері, ұн, дәнді-дақылдар, табиғи шырындар, жармалар, бал, тосап және басқа да азық-түлік тауарларын тиімді бағада сатып ала алады.
Жәрмеңкелер 14 және 15 наурыз күндері сағат 10:00-18:00 аралығында мына орындарда өтеді:
• «Keryen Joly» СО (Алаш тасжолы, 35Б)
• «Koktal» СО (Н.Тілендиев даңғылы, 12а)
• «Евразия» СО (Қ.Сәтпаев көшесі)
• «Астаналық базар» СО (С.Сейфуллин көшесі, 47)
• «Damu Mall» СОО (Ж.Нәжімеденов көшесі, 26)
• «Шапағат» базары (Бөгенбай батыр даңғылы, 69)
• «Сауран» базары (Алматы көшесі, 3)
Жәрмеңкелерді өткізу бағаны тұрақтандыруға және елорданың тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.



