Ел тынысыСаясат

Емханада республикалық референдумның маңызы түсіндірілді

Астана қаласындағы №8 емханада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының бастамасымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиын барысында қалалық мәслихат депутаты Қанат Ғалымжанұлы Естек, «Respublica» партиясының өкілі Дастан Даулетияров және «Қазақстан Халық Партиясының» өкілі Мағжан Молдахмет коалиция жұмысының негізгі бағыттары мен алдағы республикалық референдумның маңызын кеңінен таныстырды.

Кездесудің басты мақсаты — қатысушыларға 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумның тарихи маңыздылығын түсіндіру болды. Спикерлер әрбір азаматтың өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасының мазмұны, оның елдің демократиялық дамуына ықпалы және қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі қызу талқыланды.

Іс-шара қорытындысында медицина қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, көкейкесті сұрақтарына нақты жауаптар алды. Бүгінгі айтылған мәліметтер ұжымның азаматтық ұстанымын айқындап, алдағы іс-әрекеттерінің негізіне айналмақ.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button