Ел тынысыСаясат

Фтизиопульмонология орталығында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндірілді

Астана қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық филиалының өкілдері Қалалық фтизиопульмонология орталығы ұжымымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараның мақсаты – Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндіру, енгізілген өзгерістердің мазмұны мен маңызын талқылау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау.

Кездесуге №1 көпбейінді қалалық аурухананың директоры Ербол Сәрсенбаев және штаб мүшесі, «Алтын дән» балабақшасының меңгерушісі Фарида Даримова қатысты.

Кездесу барысында Конституциялық реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.

Әсіресе денсаулық сақтау саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударылды. Конституцияда адамның өмірі мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде айқындалып, әлеуметтік мемлекеттің жауапкершілігі нақты мазмұнмен толықтырылды. Азаматтардың денсаулығын сақтау — мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені көрсетіліп, Конституциялық Сот институты арқылы құқықтық қорғау тетіктері кеңейтілгені айтылды.

Кездесу барысында фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері туберкулездің алдын алу, эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, кадрлық әлеуетті нығайту және мамандардың әлеуметтік қорғалуын арттыру мәселелерін көтерді.

«Конституциялық реформалардың басты мақсаты – Әділетті Қазақстан құру. Бұл, ең алдымен, әр азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғауға басымдық беру деген сөз. Қоғамдық денсаулық сақтау саласы, оның ішінде фтизиопульмонология қызметі – ел қауіпсіздігінің маңызды бөлігі. Сондықтан медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және заманауи медициналық инфрақұрылымды қалыптастыру – мемлекеттің стратегиялық бағыты», – деп атап өтті Ербол Сәрсенбаев.

Кездесу ашық әрі интерактивті форматта өтті. Қатысушылар өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Еркін пікір алмасу алаңы реформалардың мәнін терең түсінуге және салалық мәселелерді нақты талқылауға мүмкіндік берді.

Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық филиалы алдағы уақытта да еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, Конституциялық өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button