Ел тынысыСаясат

«QazaqGaz» ұжымымен кездесті

Бес мыңнан астам газ саласының өкілдері алдағы конституциялық реформаларды қолдайтынын білдірді. Бүгін «QazaqGaz» ұлттық компаниясының алаңында орталық аппарат ұжымымен жүздесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өңірлік филиалдардың қызметкерлері бейнеконференция арқылы қатысып, ортақ ой алаңында бас қосты. Кездесу барысында жаңартылған конституция жобасының негізгі қағидаттары және оның стратегиялық маңызы бар салаларға ықпалы кеңінен талқыланды.

-Әңгіме өзегінде жаңа конституциялық өзгерістердің әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге, еңбек қауіпсіздігін басым бағыт ретінде бекітуге арналатынын атап өттім. Бұл — газ саласы үшін инфрақұрылымды жүйелі дамытуға, кәсіби кадрларды қолдауға және өндірістік тұрақтылықты нығайтуға берік негіз. Конституциялық жаңғыру – жай рәсімдік өзгеріс емес. Ол – әділетті қоғам құруға, елдің энергетикалық тәуелсіздігін бекемдеуге және еңбек адамының қадір-қасиетін ардақтауға бағытталған стратегиялық таңдау!- дейді «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция Астана штабының төрағасы Ерлан Каналимов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button