Ел тынысыСаясат

Конституцияда ғылымға басымдық беріледі 

«Казцинк» ЖШС Жастар кеңесінің жетекшісі Жансая Жанболатова Өскеменде өткен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жастармен кездесуінде жаңа Конституция жобасында ғылымға ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
-Кәсіпорындардың ілгерілеуіне тікелей әсер ететін негізгі факторлар — ғылым мен инновациялық шешімдер. Өндірісті жаңарту, заманауи технологияларды енгізу және өнім сапасын арттыру ісі тікелей ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделеді, — деді Ж. Жанболатова.
Оның пікірінше, жаңа Конституция жобасында ғылымға айрықша мәртебе беріліп, мемлекеттің басым бағыты ретінде айқындалуы өндіріс орындары үшін өте маңызды. Бұл қадам отандық кәсіпорындарға технологиялық серпіліс жасауға жол ашып, өнімдердің жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button