Білім

Жасанды интеллект – уақыт талабы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен №93 мектеп-лицейдің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект: дағды, бағыт, болашаққа бағдар» атты республикалық семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мамандары, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» әдіскерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, республика бойынша барлық пән мұғалімдері, сондай-ақ білім беру саласындағы халықаралық және отандық сарапшылар қатысты.

Семинар аясында қазіргі таңда жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне енуі – уақыт талабы екенін атап өткен №93 мектеп-лицей директоры Бексұлтан Полатбекұлы бүгінгі білім беру кеңістігі жаңа технологиялармен тығыз байланысты дамып келе жатақнын айта келіп, мұндайда оқушылардың тек білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана алатын дағдыларды меңгеруі аса маңызды екеніне тоқталды.

«Жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне тиімді енгізу – бүгінгі күннің басты қажеттіліктерінің бірі. Бұл оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық, цифрлық сауаттылық және проблемаларды шешу сияқты ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға жол ашады. Сондықтан заманауи педагогикалық тәсілдерді жетілдіру – уақыт талабы» деді мектеп директоры.

Сондай-ақ семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі нақты мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, ЖИ құралдарын оқу үдерісіне енгізу арқылы білім мазмұнын жекелендіру, оқушылардың қабілетіне қарай оқыту және оқу сапасын арттыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту, заманауи цифрлық педагогика элементтерін сабақта тиімді қолдану мәселелері назарға алынды.

Бұдан бөлек, оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық және дербес шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаңа оқыту модельдері таныстырылды. Smart Classroom форматындағы тәжірибелер көрсетіліп, интерактивті және деректерге негізделген білім беру ортасын құрудың тиімді тәсілдері ұсынылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button