Құқық

Тұрғындар 102 арнасы операторларына алғыс білдіруде

Елордада Жедел басқару орталығының 102 арнасы операторларына тұрғындар алғыс білдіруде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасы операторлары тәулік бойы қала тұрғындарынан келіп түсетін хабарламаларға жедел ден қойып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Олардың кәсіби әрі мұқият әрекеттерінің нәтижесінде бірқатар оқиғалар оң шешімін тауып, азаматтар ризашылықтарын білдірді.

Алғашқы жағдайда қала тұрғыны «102» арнасына хабарласып, көршілерінің пәтерінің есігі ашық тұрғанын және үй ішінде жарық жанып тұрғанын, алайда иелерінің бар-жоғын білмейтінін жеткізген. Операторлар ақпаратты жедел тіркеп, учаскелік полиция инспекторларына бағыттады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде пәтер иелерімен байланыс орнатылып, мән-жай анықталды. Оқиғаның алдын алу шаралары қабылданып, тұрғын алғысын білдірді.

Екінші жағдайда азамат автотұрақта көліктердің ретсіз қойылуына байланысты өтетін жол жабылып қалғанын хабарлаған. Жедел басқару орталығының операторлары тиісті полиция жасақтарын бағыттап, құқық бұзушылықтың жолын кесті. Нәтижесінде көлік қозғалысы қалпына келтіріліп, тұрғындардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасалды.

Тағы бір жағдай«102» арнасына хабарласқан азамат жоғалған партмонені табуға көмек сұраған. Жедел басқару орталығының операторлары мен УПП-84 учаскелік пунктінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, жоғалған мүлікті иесіне қайтарды. Азамат полицейлердің жеделдігі мен адалдығына ризашылығын білдірді.

Астана қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын кез келген құқық бұзушылық немесе күмәнді жағдайлар бойынша «102» арнасына хабарласуға шақырады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button