Ел тынысыСаясат

Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституция – жалпыұлттық талқылау нәтижесі

Сенатта Спикер Мәулен Әшімбаевтің төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыста заңдар қаралып, сайлау туралы конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамы жаңартылды және депутаттық сауалдар жолданды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Палата отырысында 19 ақпан мен 5 наурыз аралығында сенаторлардың өңірлерге шығып, жаңа Конституция жобасын түсіндіру кездесулерін өткізетіні айтылды. Сондай-ақ 15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтетіні атап өтілді.

Сенат сонымен қатар Қытаймен жаңартылатын энергия жобалары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңды және туризм мен балалар спортын қолдауға бағытталған заңды қарады.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев брифинг барысында Конституцияға өзгерістер енгізу және саяси жүйені жаңғырту мәселелері соңғы 6–7 ай бойы қоғамда кеңінен талқыланғанын айтты. Қазіргі кезде азаматтық қоғам, ҮЕҰ, сарапшылар, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері пікір білдіріп, осының негізінде Конституция жобасы референдумға шығарылып отырғаны атап өтілді. Сондай-ақ 15 наурызда Президент Жарлығымен өтетін референдумға азаматтар белсенді қатысып, өз таңдауын жасайды деген сенім білдірді.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтетіні айтылды. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттармен өңірлерде конституциялық реформалардың мәнін халыққа түсіндіру жұмысын жүргізіп, конституциялық өзгерістер Президенттің саяси бағытының жүйелі жалғасы және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының институционалдық негізі екеніне ерекше назар аударылатынын жеткізді. Азаматтардың бастамаларды дұрыс түсініп, қолдауы реформаларды табысты іске асырудың басты шарты екенін атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button