Қала мен сала

2,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

Қаланың дамуына жеке қаражат тарту жалғасады. Бұл тек әлеуметтік нысандарға ғана емес, сол сияқты өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік және т.б. салаларға қатысты. Елорда экономикасына 2025 жылы рекордты көлемде инвестициялар тартылды, шамамен 2,5 трлн теңге, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,3%-ға көп. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

– Кезекті инвестштабтың отырысында бірқатар инвестордың ұсыныстары қаралды. Олар – 500 МВт қуатты бу-газ қондыр­ғыларын салу және пайдалану, логистикалық парк салу, 1000 балаға арналған күндізгі және пансионатты үлгідегі жеке мектеп салу және т.б.

Сонымен қатар, штабтың қарауына №2 Индустриялық паркке енгізілетін жобалар да ұсынылды. Оларға мотор майын өндіретін зауытты, ұнтақ және индустриал­ды жабындарды шығаратын зауытты, ғылыми-зерттеу орталығын құруды, алюминий бұйымдарын өндіретін зауытты салу жатады.

Биыл іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны шамамен 60-қа жетеді, ал инвестиция көлемі – 220 млрд теңге. Бұл жобалар 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірлік инвестициялық штаб отырыс­тарын тұрақты түрде өткіземіз, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз, – деп жазды Астана қаласының әкімі Жеңіс ­Қасымбек Instagram парақшасында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button