Білім

«Teacher’s Hackathon» мәресіне жетті

Қаңтар айының 28–29 аралығында Астанада алғаш рет ұйымдастырылған «Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатоны сәтті аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара еліміздің барлық өңірінен келген жас педагогтердің басын қосты. Хакатонға 76 мамандандырылған мектептен жас педагогтер қатысып, 15 командаға бөліне отырып білім беру саласындағы өзекті мәселелерге бағытталған инновациялық жобаларын әзірледі.

Екі күнге созылған хакатон барысында қатысушылар заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдана отырып, өз идеяларын ұсынды, тәжірибе алмасты. Бұл алаң жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби қауымдастықтағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

«Teacher’s Hackathon» — жас ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жобалық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды республикалық алаң ретінде қалыптасып келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button