Білім

Қазақстанның Еңбек Ерлері ҚАТЗУ студенттерімен кездесті

Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде студенттер мен профессорлық оқытушылық құрамы «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағының иегерлері — Тұрсынбек Шамбұлұлы Мақышев және Мұрат Амангелдіұлы Қайыргелдинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Басқосуды ашқан Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қанат Тіреуов — бүгінгі қонақтар еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі екендігін атап өтті.

«Адал азамат және еңбекқорлық – біздің басты құндылықтарымыз. Бүгінгі құрметті қонақтарымыз сияқты тұлғалар өз өмір жолы арқылы жас ұрпаққа нағыз жетістікке адал еңбек, табандылық және өз ісіне берілгендік арқылы қол жеткізуге болатынын көрсетіп келеді», — деді ректор.

Кездесу барысында Тұрсынбек Мақышев пен Мұрат Қайыргелдин студенттермен өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жауапкершілік, тәртіп, еңбекке құрмет және Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ жастардың ел дамуына қосар үлесі мен белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырудың мәніне ерекше тоқталды.

Кездесу жылы әрі мазмұнды атмосферада өтіп, жастар үшін ұрпақтар сабақтастығының, қайсар мінездің және еңбек адамына деген құрметтің маңызды үлгісіне айналды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button