Ел тынысы

Төбелес болғанынан хабар беретін ЖИ камера жасады

Астаналық оқушы төбелестің алдын алу үшін мектептегі дәретханаларға ЖИ камераларын орнатуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елордадағы №49 мектепгимназиясының 7 сынып оқушысы Әділхан Рүстемұлы жасанды интеллект негізінде бейнебақылау жүйесін әзірледі.

Камералар күдікті әрекеттер анықталған кезде ғана іске қосылады және жанжал немесе төбелес болғанда  жедел мектеп әкімшілігіне автоматты түрде хабарлайды. Бұл жағдайда жүйе тұрақты түсірілім жүргізбейді және жеке басын танымайды: кескін жеке тұлға ретінде беріледі және оқушылардың жеке өміріне әсер ететін әрекеттерге жол берілмейді. Сондай-ақ, адам денесінің ашық, әуретті жері бағдарламалық түрде алынып тасталады. Қазір оқушының жобасы талқылануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button