Ел тынысы

QARZHYSKILL чемпионатының финалдық кезеңі өтті

Астана қаласында М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында, 6-7 сынып оқушылары арасында QARZHYSKILL чемпионатының финалдық кезеңі өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында қағидаты аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Чемпионат Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Астана дарыны» орталығының бірлесуімен өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын дамыту.

Финалдық кезеңге аудандық іріктеу (48 команда) нәтижесі бойынша төмендегі білім беру ұйымдарының командалары қатысты: №6 Г, №111 ЖОББМ, №28 МЛ, №112 ЖОББМ, №8 МЛ, №108 ЖОББМ.

Чемпионат қорытындысы:
І орын – №8 МЛ командасы;
ІІ орын – №112 ЖОББМ командасы;
ІІІ орын – №108 ЖОББМ командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button