Денсаулық

2990 өнім үлгісінің 401-і талапқа сәйкес келмейді

Астана каласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментi 2025 жылғы бақылау мақсатында сатып алу қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Олардың ішінде талаптарғка сәйкес келмейтін өнімдер анықталған.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің талаптарына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау жүргізу мақсатында өнімді (тауарды) бақылау үшін сатып алу техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуді анықтау және жолын кесу мақсатында, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүзеге асырылады. 

Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

 Бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде Астана қаласыны бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағын бақылау мақсатында 2025 жылы техникалық регламенттердің (ТР) талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкестігіне — 2990 өнім үлгісін зерттеді (оның ішінде отандық өнім — 677, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімі — 1127, басқа мемлекеттердің өнімі — 1186), оның ішінде азық — түлік өнімі — 2081 (69,6%), азық-түлік емес өнім — 909 (30,4%).

Сараптамаға алынған 2990 өнім үлгілерінің 401-і Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің және (немесе) Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының талаптарына сәйкес келмегені анықталды, бұл сынамалардың жалпы санынан 13,4% құрады.

Бұзушылықтардың басым бөлігі (85%) импорттық өнімдер, бұл импорттық бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді.

Сонымен қатар, талаптарға сай келмейтін импорттық өнімдер — 11% (342 бұзушылық), ал отандық өнімдер — 2 % (59 бұзушылық) құрады.

Құрылымдағы анықталған бұзушылықтар бойынша:

— таңбалау көрсеткіштері бойынша – 83,1% (333 сынама) (таңбалауда өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, шығарылған елі, өндіруші, импорттаушы, мекен-жайы, мемлекеттік тілге аудармасы, сәйкестікті растайтын ЕАК белгісі, генетикалық түрлендірілген организмдер (ГМО) туралы ақпарат және т.б. көрсетілмеген);

 микробиологиялық көрсеткіштері — 7,2 % (29 сынама). Бұзушылықтар құс, ет, сүт, май және май өнімдері, тағамдық қоспалар, басқа да азық-түлік өнімдерінде (шай) тіркелді. Негізгі ауытқулар мезофильді аэробты факультативты- анаэробты микроорганизмдер саны (МАФАнМС) деңгейінің жоғарылауы, шек таяқшалар тобындағы бактериялар (ШТТБ), зең мен ашытқылардың анықталуымен байланысты болды;

 санитариялық-химиялық көрсеткіштер  8 (35 сынама). Бұзушылықтар ұнда (оның ішінде фортификацияланған) витамин-минералды құрамға сәйкес келмеуі бойынша, жеміс-көкөніс өнімдерінде (баклажан мен қауын) нитраттар мөлшері асып кеткен, сүт өнімдерінде май-қышқыл құрамы бойынша сәйкессіздіктер анықталған, май өнімдерінде — май қышқылдарының трансизомерлері (норма 2% — дан аспайтын) асып кеткен;

— қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша — 1% немесе 4 сынама). Бұзушылықтар анықталды басқа тамақ өнімдерінде (шай) тыйым салынған тағамдық бояғыштар анықталды.

— токсикологиялық көрсеткіштер бойынша 1% (3 сынама). Бұзушылықтардың негізгі үлесі ойыншықтарда анықталды (ҚХР өндірісі және шығу тегі белгісіз) — этил спирті концентрациясының рұқсат етілген нормалардан асып кетуі.

Сәйкес келмейтін өнімдерді сатылымнан дереу кері қайтарып алуды қамтамасыз ету үшін сауда субъектілеріне жедел ден қою шараларын (бұдан әрі — ЖДҚ) қолдану туралы 75 қауылы шығарылып, жеткізушіге қайтару және оларды талаптарға сәйкес келтіру немесе азық-түлік өнімдерін жою немесе кәдеге жарату үшін — 1041,85 кг өнім (оның ішінде 921,2 кг азық-түлік және 120,6 кг азық-түлік емес тауарлар) кері қайтарып алынды.

Сондай-ақ, бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша — 61 тергеп-тексеру және ЖДҚ тексеру бойынша — 25 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

2025 жылы өнім сапасына және олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттаманың жоқтығына қатысты — 212 шағым мен арыз қаралды.

Арыздар мен шағымдарды қарастыру шеңберінде жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, айыппұл салынды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button