Ел тынысы

Азамат болу — абырой

Астанада Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде «Нағыз азамат болу – намыс пен жауапкершілік» тақырыбында ашық диалог алаңы өтті.

Аталған іс-шара республика көлемінде өткізіліп жатқан «Заң мен тәртіп» айлығы аясында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Ашық диалогқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Астана қаласы Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының өкілдері, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, педагог-психологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және 8–11 сынып оқушылары – ер балалар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің ер азамат туралы түсінігін кеңейту, намыс пен жауапкершілік ұғымдарының маңызын ашу, адалдық, сабырлылық, азаматтық ұстаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамда өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу.

Ашық диалог барысында қонақтар жастармен еркін форматта пікір алмасып, азаматтық болмыс, заң мен тәртіпке құрмет, жеке жауапкершілік, қоғам алдындағы міндет және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелері төңірегінде мазмұнды ойларымен бөлісті.

– Бүгін біз «Адал азамат» бағдарламасының бағыттарына сәйкес тәрбиелік жұмыс жүргізіп отырмыз. Мұндағы басты мақсат – оқушылардың нағыз ер азаматқа тән қасиеттер туралы түсінігін қалыптастыру, намыс пен жауапкершіліктің мәнін терең ұғындыру, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу. Сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және «Нөлдік төзімділік» қағидатын түсіндіру арқылы тәртіп пен қауіпсіздік мәдениетін нығайту, – деді аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Қойшыбекқызы.

Жиын соңында қатысушылар мұндай кездесулердің жас ұрпақтың азаматтық көзқарасын қалыптастыруда, жауапты әрі саналы тұлға тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап өтті.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button