Ел тынысы

Жаңа Салық кодексінің нормалары күшіне енді

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап сыртқы экономикалық қызмет субъектілері үшін қосылған құн салығының (ҚҚС) асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін көздейтін жаңа Салық кодексінің нормалары күшіне енгенін мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жаңа тәртіпке сәйкес экспорттық қызметті жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер белгіленген шарттарды сақтай отырып, ҚҚС-ты жеделдетіп қайтару рәсімін қолдануға құқылы.

Жеделдетілген тәртіпті қолдану үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:

— салық органдары тарапынан берілген орындалмаған хабарламалардың болмауы;

-экспорттық операциялардың үлесі салық төлеушінің жалпы айналымының кемінде 50 пайызын құрауы;

— соңғы 12 айда қайтарылуға жататын сома тексерумен расталған болуы.

Аталған талаптар орындалған жағдайда ҚҚС-ты қайтару мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды.

Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша ҚҚС-ты қайтару мерзімі 75 күнінен 55 жұмыс күніне дейін төмендейді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button