Ел тынысы
Қазақстанда су-энергетикалық ресурстар картасы әзірленуде

ҚР Энергетика министрлігі елдің гидроэнергетикалық әлеуетінің бірыңғай цифрлық картасын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаға интеграциялау арқылы бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Үкімет отырысында ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов еліміздің гидроэнергетикалық ресурстары картасын әзірлеу мәселесі бойынша жұмыстар Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысы негізінде берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында басталғанын атап өтті.
«Платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіріп, оңтайлы жобалық шешімдерді қалыптастыруға, болашақ станциялардың параметрлерін есептеуге және жобалауға дейінгі дайындық мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді», — деді Ерлан Ақкенженов.



