Қала мен сала

Қоқысты сұрыптау мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова елордадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барып, қоқыс сұрыптау кешенінің инфрақұрылымымен танысты.

«Астана эко полигоны» кәсіпорнының қызметкерлерімен әңгіме барысында экологиялық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ елордада қалдықтарды басқару жүйесін дамыту перспективалары талқыланды.

Ажар Сағандықова мұндай полигондар топыраққа ғана емес, атмосфераға да елеулі экологиялық қауіп төндіретінін атап өтті. Тұрмыстық қалдықтың ыдырау процесінде өте қауіпті әрі улы газ – метан бөлінеді. Оның иісі мен дәмі білінбегенмен, адам ағзасына аса зиян. Сұрыптау көрсеткіштерінің қайта өңдеу талаптарына сай келмейтініне, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар жұмысындағы үйлесімнің аздығына да назар аударылды. Депутат сонымен қатар қоқыс шығаруды жүзеге асыратын жеке компанияларды бақылау мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Экологиялық кодекстегі қалдықтарды бөлек жинау туралы ережеге қарамастан, компаниялар барлық қалдықты бір машинамен шығаруды жалғастыруда.

Кездесуде депутат полигон қызметкерлерінің еңбек жағдайын, полигон мен қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады. Кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстары назарға алынып, қарау үшін Үкіметке жіберіледі. Атап айтқанда, қайталама шикізатты сұрыптау және қайта өңдеу жүйесіне тұрғындар мен ұйымдарды тарта отырып, қалдықтарды бөлек жинау бойынша қанатқақты жобаларды іске қосу жоспарланып отыр.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button