Қоғам

Өткенге риза болып, болашаққа нық қадаммен аттанайық!

Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің атынан келе жатқан Жаңа 2026 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жыл тарих қойнауына өзіндік жетістігімен өтсе, Жаңа 2026 жылға жаңа үміт артып, болашаққа деген тілегімізбен, арманымызбен, мықты денсаулықпен, өткенге риза болып, нық қадаммен аттанайық! Өтіп бара жатқан жыл баянды аяқталып, алда жаңа үміттер мен игі бастамаларға толы Жаңа жыл есігін айқара ашып тұр.

Құрметті ардагерлер, өмір жолыңыз бен даналығыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі, елге – аманат. Жаңа жыл сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға береке-бірлік, елге тыныштық пен тұрақтылық әкелсін.

Әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа, әр шаңырақ бақыт пен молшылыққа толы болсын!

Ізгі ниетпен,
Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы
Сансызбай ЕСІЛОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button