Құқық

Жолдағы көктайғақ: ІІМ азаматтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тәртіп сақшылары қауіпсіздік үшін аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды, алыс сапарларды кейінге қалдыруды, жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды, көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауды сұрайды.

— Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз, — деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button