Құқық

Заңды білу – өзіңді қорғау

Елордалық кәсіптік-техникалық колледж студенттеріне вандализм әрекеттеріне баруға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.

«Кәмелетке ­толмағандар арасындағы құқық бұзу­шы­лықтың алдын алу» тақырыбындағы профилактикалық дәрісті Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Жасұлан Сарпеков жүргізді. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру және заңға жауапкершілікпен қарау мәдениетін ­қалыптастыру.

– Біз нашақорлықтың алдын алу, интернет-алаяқтық және буллинг сияқты өзекті мәселелер туралы айтуды көздедік. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін буллинг мәселесіне ерекше назар аударылды. Студенттерге буллингтің қандай түрлері болатыны, мұндай жағдайларды жасырып қалудың қандай қауіптері бар екені және егер олар психологиялық немесе физикалық қысымның құрбаны болса, қандай әрекеттер жасау қажет екені түсіндірілді, – дейді ол.

Прокурор сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқығы мен міндеттері туралы жан-жақты айтып өтті.

– Жастармен мұндай тақырыптарды ашық әрі шынайы талқылау өте маңызды. Жасөс­пірімдер қызығушылық пен құқық бұзушылықтың аражігін түсініп, қылмыс жасаудың қандай нақты салдары болатынын білуі тиіс. Заңды білу – ең алдымен, өзіңді қорғау, – деп атап өтті Жасұлан Сарпеков.

Сондай-ақ ­студенттерге буллингтің алдын алу, интернет-алаяқтық және есірткі құ­ралдарының зияны туралы видеоматериалдар көрсетілді. Бұл заңсыз әрекеттердің ықтимал қауіптері мен салдарын қарапайым түрде түсіндіруге мүмкіндік берді. Жастар спикерге өмірде кездесетін күрделі жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігі, қайда жүгінуге болатыны, прокуратураның жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бағытында қандай шаралар қабылдайтыны және өз құқығын қалай қорғауға болатыны туралы сұрақтар қойды. Айта кете­йік, елордада колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерімен осындай дәрістер мен түсіндіру жұмысы жүйелі түрде жалғасып келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button