Қоғам

Архив қызметкерлері марапатталды

Архившілер күніне орай Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның камера залында Астана қаласы Мемлекеттік архивінің 30 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті.

Іс-шара барысында архив қызметінің шежіресін қамтыған «Жылдар жылнамасы» атты мерейтойлық кітаптың ресми тұсаукесері өтті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ибраим Бабаев сөз сөйлеп, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов­тың құттықтау хатын оқып берді.

«Архив саласының үздігі» төсбелгісімен Әсел Ысқақова, Гауһар Құлмұхамбетова, Дариға Оспанова, Нұргүл Рысмағамбетова қатарлы сала мамандары марапатталса, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет» грамотасы Айнагүл Дайырова, Гүлжан Рысмамбетова, Нағима Түсіпова, Айнұр Кокумбаева мен Салтанат Шакешеваға ­табысталды.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің алғыс хатын табыс етсе, Астана қалалық мемлекеттік архиві директорының алғыс хатымен де бірқатар қызметкер марапатталды.

Аталған мекеме директоры Жангелді Бимолдин архив ұжымының атқарған жұмысына тоқталып, мерекеге орай арнайы келіп, қалалық мекеме қызметкерлеріне құрмет көрсеткен лауазым иелеріне алғысын білдірді.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button