Білім

Zerdeli Quiz: бірлікті бекемдеген сайыс

Астанадағы «Отау» мейрамханасында Zerdeli ақыл-ойды дамыту мектебінің ұйымдастыруымен «Zerdeli Quiz» атты мұғалімдерге арналған интеллектуалды куиз өтті. Куиздің мақсаты – ұстаздардың мәртебесін көтеру, ауыз бірлігін арттыру және миды сергіту арқылы көңіл-күйді көтеру болды.

Қатысушыларды ынталандырып, олардың білім деңгейін көтеру үшін логикалық тесттер, суреттер, бейнебаян және аудио сұрақтар түрінде тапсырмалар ұсынылды. Бұл тәсілдер мұғалімдердің жылдам әрі нақты жауап беру қабілеттерін тексеріп, ойлау қабілетін, зейінін және командалық жұмысын бағалауға мүмкіндік берді. Куиздің алты кезеңі (жаттығу, логика, медиа, тақырып, тез аңғар, тәуекел) қатысушылардың түрлі дағдыларын сынауға бағытталды. Ерекше атмосфера сыйлаған, тартысты әрі қызықты ойын жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың барлығы да өздерінің күш-жігерін салып, жеңіске жету үшін барын салды.

Жалпы, 16 командадан тұратын 128 мұғалім осы 6 кезеңнен тұратын куизде өз білімдерін көрсету үшін жарысқа түсті. Бұл жарыс мұғалімдердің интеллектуалдық деңгейін ғана емес, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін де ашты. Интеллектуалдық жарыстың қорытындысы бойынша І орынды «Волки из Достық street» командасы, ІІ орынды «Шаймерденов 8» командасы, ал ІІІ орынды «Ақыл аңшылары» командасы иеленді. Жүлдегерлерге дипломдар, ақшалай сыйлықтар, кітаптар және тәттілер толтырылған себеттер тапсырылды.

Zerdeli ақыл-ойды дамыту мектебінің басшысы Рысбек Мәуіт жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, мұндай жарыстар ұжымдық ынтымақтастықты нығайта түсетінін айтты. «Мұғалімнің әлеуеті – еліміздің болашағының негізі. Мұғалімдеріміз білімді, білікті болса, олар оқытып, тәрбиелеп жатқан шәкірттері де мықты болады. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы мұғалімдердің қолында десек, қателеспейміз» деді ол.
Zerdeli ақыл-ойды дамыту мектебі мұндай интеллектуалды іс-шараларды алдағы уақытта да өткізіп, мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамып-жетілуіне айрықша көңіл бөлмекші. Zerdeli ақыл-ойды дамыту мектебі – білімнің қайнар көзі, кәсіби шеберліктің шыңы!

Дина Айтхазина,

Zerdeli ақыл-ойды дамыту мектебінің мұғалімі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button