Қала мен сала

«Әділдік алаңы» ашылды

Астаналық №97 мектеп-гимназияда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Әділет мектебі» жобасы ұйымдас­тырылып, «Әділдік алаңы» кабинеті ашылды.

Іс-шараға Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ, Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Әсима Бимендина, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Әйгерім Өмірзақова, Нұра ауданының прокуроры Ақылбек Құдірет, Астана қаласы Білім басқармасы кәмелетке толмағандар құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлсім Қасенова қатысты.

«Әділет мектебі» жобасының мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға ықпал ету.

– Мектебіміздің миссиясы – тарих, құқықтану пәндерін тереңдетіп оқыту. Кезекті оқу жылында бірнеше маңызды жоба жүзеге асты. Соның ішінде «Әділет мектебі» жобасының бағдарламасы, тұжырымдамасы, сабақ жоспары, практикалық бөлімі әзірленді. Бұл осыдан 2 жыл бұрын қолға алынды. Кабинетте дебат-тренинг, кездесу, тәжірибеге бағытталған сабақтар өтеді. Бүгінде жобаны Астананың 8 мектебімен бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр­мыз. «Әділет мектебі» – заман талабынан туындаған бастама. Жоба аясында оқушыларды шығармашылыққа тарту бағытында бірнеше қысқаметражды фильм түсірілді. Олар мектептегі құқық бұзушылықтар тақырыбына арналған, – деді мектеп директоры Зәмзагүл Қиянова.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button