Құқық

Үш күндік рейдте жүздеген жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Астаналық полиция жол-көлік апаттарын азайту және жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында кешенді жұмыс жүргізуде. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында және республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала көшелерінде патрульдеу күшейтіліп, видеокамералар арқылы бақылау және мемлекеттік нөмірлерді тану технологиялары қолданылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қала полиция департаментінің мәліметі бойынша, рейд жүргізілген үш күн ішінде елордада 400-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғаушылар ең жиі кездесетін бұзушылықтар ретінде мына фактілерді атады:
• маневр жасау ережесін бұзу – 66 жағдай;
• техникалық байқау болмауы – 74;
• жүргізу кезінде телефон қолдану – 78;
• қызыл белгіден өту – 35;
• қарсы жолаққа шығу – 12;
• жаяу жүргіншілерге жол бермеу – 18.

Астаналық полиция жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің тәртібіне байланысты екенін ескертеді. Барлық жүргізуші жол ережелерін қатаң сақтауға міндетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button