Қоғам

Мектептерде ерекше экологиялық акция өтуде

Астана қаласында «Таза Қазақстан» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Қақпақтар жинап, өмірді құтқар» атты әлеуметтік экологиялық акция өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Акцияны «Ашық жүректер» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асыруда. Бұл жоба аясында оқушылар түрлі сусындар мен су бөтелкелерінің пластик қақпақтарын жинап, табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, әлеуметтік қолдауға да үлес қосуда. Жиналған қақпақтар қайта өңдеуге жіберіліп, одан түскен қаражат емге мұқтаж балалардың қажеттіліктеріне бағытталады. Қала мектептерінің ішінде №95 мектеп-лицейі ерекше белсенділік танытып отыр.
Мектеп директоры Шынар Айдарханқызының айтуынша, 1-11 сынып оқушылары жинаған қақпақтар саны он мыңнан асып түскен. Бұл – балалардың табиғатты қорғауға деген қызығушылығы мен қоғамға пайдалы іс жасауға деген ынтасының айқын көрінісі.
Экологиялық жобаның тиімділігі бірнеше бағытта байқалады. Біріншіден, мыңдаған килограмм пластик қоқыс қайта өңдеуге жіберіліп, табиғатқа келетін зиян азаяды. Екіншіден, оқушыларға экологиялық мәдениет пен жанашырлық қасиеттерін сіңіруде үлкен рөл атқарады. Үшіншіден, жоба аясында түскен қаражат ауыр дертке шалдыққан балаларға нақты материалдық көмек ретінде жұмсалады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button