Денсаулық

ЖИТС-тің алдын алу акциясы өтті

Астанада 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай бір айлық ақпараттық науқан өтуде. Осы жұмыс аясында елорданың ірі сауда орталықтарында қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан өзгеріске дейін» атты акция өткізді, деп хабарлайды .

Акция «Сауран», «Аружан», «Еуразия» және «Астаналық» сауда орталықтарында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында орталық мамандары АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары, тестілеудің маңыздылығы және өз АИТВ-статусын білу қажеттігі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау, кемсітушілікке жол бермеу мәселелері қозғалды. Мамандардың айтуынша, бұл шара халықтың назарын АИТВ-ның таралуы мәселесіне аударып, жастарды қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға ынталандыруға тағы бір мүмкіндік болды.

Акция аясында сауда орталықтарының келушілері мен қызметкерлері үшін АИТВ-ге қарсы экспресс-тестілеу ұйымдастырылды.

Сонымен бірге қорғау тәсілдері, тұрақты тексерілудің маңызы және АИТВ туралы кең таралған жалған ақпараттарды жоққа шығару жөнінде ақпараттық-түсіндіру әңгімесі жүргізілді.

Айта кетейік, маусымдық аурушаңдықтың көтерілуіне байланысты мамандар ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша да ұсынымдар беріп, медициналық маскалар таратты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button