XVIII Президенттік олимпиада: Астанада талантты оқушылар анықталды

Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағытында XVIII Президенттік олимпиада өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Еліміздің барлық өңірінен келген 11-12 сыныптағы 200-ден астам оқушы математика, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімін сынады.
Олимпиада №100 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары дайындығы мен табандылығын көрсетті.
Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға мен қазылар алқасының жетекшілігімен ашық, әділ және транспарентті форматта өтті. Қатысушылар нәтижелерін талқылап, сұрақтар қоюға және дәлелдемелер ұсынуға мүмкіндік алды. Сарапшылар тапсырмалардың күрделілігін және қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін ерекше атап өтті.
Ал Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті. Жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен, медальдарымен, грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Барлық қатысушыға сертификаттар табысталды.

Олардың қатарында Астана қаласының намысын қорғаған 12 дарынды оқушы бар:
I орын: Арнұр Ахметов – «Орталық» экономикалық мектебі.
II орын: Ерасыл Байғожа – Haileybury Astana School.
III орын:
• Абылай Қадірбай – Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL;
• Артемий Литвинов – №27 мектеп-лицейі;
• Сұңқар Өрімбай – №101 жалпы білім беретін мектеп;
• Максим Цой – №83 мектеп-гимназиясы;
• Абай Нұрланұлы – Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL МЛ;
• Әмірбек Онаев – Canadian International School;
• Әлихан Сақтан – №59 мектеп-лицейі.
Бұл олимпиада жас ғалымдардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және ғылыми ізденістерін тереңдетуге берілген үлкен мүмкіндік болды.




