Елорда тынысы

«Соғым-FEST»

Астанада 22-23 қарашада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады

Іс-шара «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрағында (Алаш тасжолы, 35Б) ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, сол күндері сауда орталығының аумағында қала тұрғындары арасында танымал ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары мынадай тауарлар сатып ала алады: көкөністер мен жемістер, ет өнімдері, ұн өнімдері мен сүт өнімдері, пісірілген тағамдар мен тәттілер, табиғи шырындар, джемдер және тағы басқа.

Іс-шара әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін жәрмеңке аумағына жақын жерден №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобустар өтеді, бұл келушілерге ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button