Құқық
Жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп алдаған

16 азаматты алдаған елорда тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.
Мәселен, өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады.



